» Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ардагерлері

Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ардагерлері

Түркістан облысы органдарының ардагерлер кеңесінің төрағасы Витков Владимир Васильевич

1948 жылы 14 қаңтар күні Өзбекстан Республикасының Шыршық қаласында дүниеге келді. 1971 жылы Ташкент Жоғары Танк командалық училищесіне оқуға түсті. Оқуын бітірген соң КСРО Қорғаныс министрлігінде қызмет етіп, танк взводының командирінен батальон командиріне дейін қызмет етті. 5.04.1984 ж.- 0 1.02. 1990 ж. Шымкент облысының және Шымкент қаласының Азаматтық қорғаныс штабын әскери дайындықтан өткізу бөлімінің бастығы, 01.02.1990 ж. 01.02.1993 ж. Кентау қ. Азаматтық қорғаныс штаб бастығының орынбасары. 1.02. 1993 ж. 16.01. 1996 ж. Шымкент облысы Азаматтық қорғаныс штаб бастығының орынбасары. 16.01.1996 ж. 14.03. 2005 ж Оңтүстік Қазақстан облысының төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары.
11.02.2008 жылдан бері Оңтүстік Қазақстан облысының төтенше жағдайлар органдарының ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Наградалары:
Медальдары: «КСРО ҚК 50 жыл» 1968 ж. «КСРО ҚК 60 жыл» 1978 ж.
«КСРО ҚК 70 жыл» 1988 ж. III-дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» 1978 ж.,
II-дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» 1983 ж., I-дәрежелі «Мінсіз қызметіүшін» 1988 ж., “Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiне 10 жыл” 2002 ж., III-дәрежелi “Мінсiз қызметi үшiн” 2002 ж., “Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар органдарының ардагері” 2009 ж.;
Төсбелгілері: «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар комитетінің еңбегі сіңген қызметкері» 2001 ж.

ОҚО ТЖ органдарының ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Битанов Дүйсенбек Жорабекұлы

1954 жылы Өзбекстан Республикасы Ташкент облысы Хумсан селосында туылған. 1979 -1985 жж. Абай аудандық ІІБ мемлекеттік өрт бақылау инспекторы.1985-1989 жж. – 44-арнайы әскериленген өрт сөндіру бөлімінің аға инженері, 1989-1994 жж. - 43-арнайы әскериленген өрт сөндіру бөлімінің мемлекеттік өрт бақылау инженері. 1994-1997 жж. – Оңтүстік Қазақстан облысы ІІБ өрт сөндіру басқармасының анықтау жөніндегі инспекторы. 1997 жылдан бері – зейнеткерлік демалыста.

Наградалары: «Өрт сөндірудегі ерлігі үшін» медалі, 1988 ж. ІІІ дәрежелі «Еңбек өтіліне 10 жыл» медалі.

ОҚО ТЖ органдарының ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Кульчиманов Сапарбай Адыслович 1942 жылдың 10 ақпанында туылған. 1964 жылы ҚазХТИ-ді бітірген. Мамандығы инженер-технолог. Қарапайым аппаратшыдан зауыттың бас инженерінің орынбасарына дейінгі түрлі лауазымдарда қызмет еткен. 1994-1996жж.– ШОХТИ округ жетекшісінің орынбасары.

1997-2005жж.–ОҚО ТЖБ бастығының орынбасары. 2005 жылдан бері құрмет демалысында Наградалары: «Еңбек ардагері» медалі, «Госгортехнадзору 80 лет», «Госгортехнадзору 85 лет» төсбелгілері.




ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІКТІҢ ЕҢ БЕЛСЕНДІ АРДАГЕРЛЕРІ



 

Солдан оңға қарай Сариев И.И., Халдарщиков А., Витков В.В., Юсупов Б.Р., Уманский О.А., Полуэктов А.А.



Юсупов Борис Рискиевич – отставкадағы подполковник.Ол 1930 жылы 12 шілдеде Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласында туылған. 1950 жылы Ташкент электр-механикалық техникумын бітірген соң, әскер қатарына шақырылды. Баку әскерінің құрамында әуе полкінің сержанты болып қызмет етті.

1952 жылы Ішкі әскери қызмет Москва радиотехникалық училищесіне оқуға түседі. 1955 жылы Түркістан әскери округына жіберіліп, 73 әуе әскерінде қызмет етеді. Қызмет жолында аэродромның жарық-техникалық қызмет көрсету тобының басшысынан жеке рота командиріне дейін өсті. 1966 жылы Ташкент облысы Азаматтық қорғаныс штабына, 1970 жылы Орта Азия әскери округіне (Қазақстан республикасы, Ұзын ағаш елді мекені) ауыстырылды.

1974 жылы Шымкент облысы Шымкент қаласының Еңбекші аудандық АҚ штабының бастығы болып тағайындалды.

Полуэктов Александр Антонович - отставкадағы подполковник 1939 жылы 4 сәуірде Қырғызстан Республикасы Ош облысының Қызыл-Қыл қаласында туылған. 1960 жылы Ачинск әскери әуе училищесін бітірген соң, Беларусь әскер округына әскери қызметін өтеуге жіберілді. Әскери қызметін Смоленск ракета әскерінің Постал ракета дивизиясында өткерді.1960-1981 жылдар аралығында аға оператордан полктың штаб бастығының орынбасары болып қызмет етті. 1979 жылы М.Горький атындағы Минск педагогикалық институтының тарих факультетін сырттай оқып бітірді.1981-1986 жылдар аралығында Шымкент облысының Азаматтық қорғаныс штабында Дзержинский аудандық АҚ штабының бастығы болып қызмет етті.1986 жылы Шымкент облысы АҚ курстарының бастығы болып тағайындалып, 1988 жылы зейнеткерлікке шықты.

Уманский Олег Александрович – отставакадағы полковник. Ол 1937 жылы 28 тамыз күні РФ Москва қаласында дүниеге келген. 1956 жылы Кеңес әскерінің қатарына шақырылып, Прикарпатск әскери округында 2 жыл борышын өтеді. Содан кейін Тбилиси Артиллерия училищесіне оқуға түсті. 1960 жылы Зак әскери округына жіберіліп, дивизияның комсомол жөніндегі көмекшісінен бастап саясат жөніндегі командир көмекшісі болып қызмет етті. 1967-1971 жылдар аралығында Сібір әскери тобының дивизион орынбасары болып қызмет етті. 1971-1982 жылдар аралығында Сібір әскери округының полктың саяси бөлім бастығының орынбасары қызметіне жіберілді. 1982 жылдан 1985 жылға дейін Шымкент облысы Абай аудандық АҚ штабының бастығы болып қызмет атқарды.

Наградалары: «За победу над Германией» - мерейтойлық, «40 лет ВС СССР» 1958 ж., «50 лет ВС СССР» 1968 ж., «60 лет ВС СССР» 1978 ж., «70 лет ВС СССР» 1988 ж., ІІІ-дәрежелі «За безупречную службу», ІІ-дәрежелі «За безупречную службу», І-дәрежелі «За безупречную службу».

Сапарбаев Абдырахым Тәліпбайұлы
1961 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Абай селосында дүниеге келген.

1979 жылы Алматы өрт-техникалық училищесіне жіберіліп, 1982 жылы өрт-технигі мамандығын тәмәмдаған.
Жұмыс орнын 1982 жылы ӨСБ-30 ЧПО «Фосфор» зауыдында аға инспекторынан бастаған. 1984 жылы Шардара аудандық МӨСБ аға инспекторы және 1986 жылы Шардара аудандық ІІБ мемлекеттік өрт қадағалау бөлімінің аға инженер қызметін атқарған.

1989 жылы Ташкент қаласындағы жоғарғы өрт-техникалық инженер мектебіне түсіп, 1993 жылы сол мектепті өрт қауіпсіздік инженері мамандығын бойынша бітіріп шықан.

1993 жылы Шардара аудандық ІІБ мемлекеттік өрт қадағалау бөлімінің бастығы, 1996 жылы №30 өрт сөндіру бөліміне бастық болып тағайындалды. 1997-2005 жылдары ОҚО өртке қарсы қызмет бастығының орынбасары болған. Қазіргі уақытта «Төтенше жағдайлар және өрттен қорғау» ЖШС-нің директоры.

Пуленскис Вацлавас-Альгирдас, Вацлово
1944 жылы 9 ақпан күні Литва ССР Шелува қаласында дүниеге келген.
1970 жылы КСРО ІІМ Свердловск өрт-техникалық училищесін, 1976 жылы КСРО ІІМ Москва жоғарғы инженерлік өрт-техникалық мектебін бітірген. Еңбек жолын 1963 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Ленинск ауданында жұмысшы болып бастады. Осы жылдың күзінде Кеңес Әскерінің қатарына шақырылды. 1966 жылы ішкі істер органына қызметке қабылданып, Солтүстік Қазақстан облысы Ленинск аудандық ІІБ мемлекеттік өрт бақылау инспекторы болып тағайындалды. Осы жылы КСРО ІІМ Алматы милиция мектебінің бір жылдық курсына оқуға жіберілді. 1969 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Мамлютск аудандық ІІБ мемлекеттік өрт бақылау инспекциясының бастығы болып тағайындалды. Жоғарғы оқу орнын бітірген соң, 1976 жылы Петропавл қаласы Киров аудандық ІІБ өрттен қорғау бөлімшесінің бастығы, 1981 жылы Торғай облысы ІІБ өрттен қорғау бөлімі бастығының орынбасары қызметіне, 1988 жылы Шымкент облысы ІІБ өрттен қорғау бөлімі бастығының орынбасары, 1993 жылы облыстық өрттен қорғау басқармасы бастығының орынбасары, 1996 жылы ІІБ мемлекеттік өртке қарсы қызмет басқармасы бастығының орынбасары лауазымдарында қызмет етті.

1997 жылы Қазақстан Республикасы Қарулы күштер қатарының запасына жіберіліп, бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысы өртке қарсы қызмет органының құрметті зейнеткері.

Оңтүстік Қазақстан облысының өрттен қорғау, өрттердің алдын алу және оларды сөндіруді ұйымдастыру саласында материалдық және техникалық базаны жетілдіруде ІІД Өрттен қорғау басқармасы бастығының орынбасарлары ішкі қызмет подполковниктері Р.Шарифжановтың, А.Бекжігітовтің, 6-жасақ бастығының орынбасары ішкі қызмет майоры Б.Гореловтың, Кентау қ. № 113 өрт сөндіру бөлімінің бастығы ішкі қызмет подполковнигі В.Елеусізовтің, Түркістан қ. № 123 өрт сөндіру бөлімінің бастығы ішкі қызмет подполковнигі Б.Қырықбаевтың және басқа да қызметкерлердің қосқан үлесі орасан зор.

Біздің қызметте осы кәсіпке шын беріліп, соған өмірінің басым бөлігін арнаған қызметкрелер аз емес. Бұл тұлғалар небір алапат өрттерді сөндіру кезінде тілсіз жаумен аянбай күресіп, адамдарды құтқаруда ерекше ерлік көрсеткені үшін «Өрттердегі ерлігі үшін» медальдарымен марапатталды

Маханов Бауыржан Қанатбекұлы 1962 жылы Бәйдібек ауданында туылған. Орта мектепті бітірген соң 1979-1981 жылдары Түлкібас геофизикалық экспедициясының жүргізушісі болып жұмыс жасады.1981-1983 жылдары КСРО Қарулы күштер қатарында әскери борышын өтеді. 1983 жылы Шымкент облысының өрттен қорғау қызметі органына өрт сөндіруші болып жұмысқа орналасты. 1985-1987 жылдары Алматы өрт-техникалық училищесінде білім алды. 1993 жылы Өзбекстан Республикасы ІІМ Ташкент Жоғары өрт-техникалық мектебіне оқуға түсіп, 1995 жылға дейін Шымкент қаласындағы Мұнай өңдеу зауытының № 114 әскериленген өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы болып қызмет етті. 1995-1998 жылдары Шымкент қаласындағы Фосфор зауытының №116 әскерилендірілген өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары, 1998-2002 жылдары Шымкент қ. №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің ауысым жетекшісі, 2008 жылға дейін ОҚО гарнизонының өрт сөндіру жетекшісінің орынбасары лауазымдрында қызмет етті. 2009 жылы Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің запасына жіберілді. Қазіргі уақытта құрметті еңбек демалысында.

Семыкин Анатолий Васильевич 1946 жылы 25 мамыр күні ОҚО Сайрам ауданында дүниеге келген. 1965 жылы Шымкент политехникалық институтын, 1976 жылы Ленинград орман-техникалық академиясын ағашты химиялық өңдеудің инженер-технологы мамандығы бойынша бітірген. 1968 жылдан 2001 жылға дейін Шымкент гидролиз зауытында басшы лауазымдарында (цех бастығы, зауыт директорының орынбасары, бас инженер) жұмыс атқарды. 2001-2009 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің төтенше жағдайлар және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау басқармасында қызмет етті.


Мезенцев Леонид Александрович 1937 жылы 18 қараша күні туылған. 1955 жылы Семей геология-барлау техникумын бітіріп, Оңтүстік Қазақстан облысының геологиялық барлау мекемелерінде қызмет етті. 1969 жылы Шымкент политехникалық институтын геолог мамандығы бойынша бітіріп, 1972 жылдан 1998 жылға дейін Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша Жамбыл округі басқармасының тау-техникалық бөлімінің инспекторы болып қызмет етті.




Бекенов Сәбет Мәдібекұлы 1940 жылы 11 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент қаласында туылған. 1964 жылы Қазақ химия-технологиялық институтын бітірген. 21 жылдан астам уақыт фосфор өнеркәсібі саласында ауысым бастығы, цех бастығының орынбасары, бас инженердің орынбасары лауазымдарында қызмет атқарған. Мемлекеттік техникалық қадағалау жүйесінде 11 жыл инспектор болып қызмет атқарды.





Қасымов Тілектес 1962 жылы 16 қазанда Қызылорда облысы Арал ауданында дүниеге келген. 1971 жылы Павлодар өнеркәсіп институтын бітіріп, 1974 жылға дейін «Пресс-автомат» зауытында цех механигі болып жұмыс істеді. 1974 жылдан 2007 жылға дейін ҚазССР Мемлекеттік техникалық қадағалау және ОҚО ТЖ басқармасында қазандық және көтергіш қондырғыларды қадағалау бөлімінің инспекторы болып қызмет атқарды.






Ардагерлер кеңесі жыл сайын жылдық іс-шаралар жоспарын әзірлеп бекітеді.

Соның ішінде Төтенше жағдайлар департаментінің ардагерлерінің қатысуымен ОҚО ТЖ департаментімен бірігіп өткізілетін мерекелік және спорттық іс-шаралар бар. Департамент бастығы ардагерлерді мерейтойларда жүйелі түрде құттықтап отырады.

 

Төтенше
жағдайлар департаменті.
Түркістан облысы.