» Департамент қызметі

Департамент қызметі

 Оңтүстік Қазақстан облысы республиканың оңтүстігінде орналасқан, 1932 жылы 10 наурызда құрылған. Қазақтың ежелгі ата-бабаларымыздың (сақтар, ғұндар, ойсындар, қаңғылы, түрктер) екі мың жыл бойы тұрақты және көшпенді мәдениеті араласқан өзгешелігі бар бұл аймақ Қазақстанның және ортаазиялық мемлекеттердің қиылысында орналасқан. Облыстың аумағы 117,3 мың км2 немесе Қазақстан аумағының 4,3%, халықтың саны 2069,6 мың адам, Өзбекстан Республикасы мен Қазақстанның оңтүстік, сондай-ақ батыс аймақтарының өте ұтымды көлік (теміржол және автокөлік) қиылысында орналасқан. Облыс халқының орташа тығыздылығы бір км2 15 адамды құрайды, облыстың солтүстік және шығыс аудандарында бір км2 барлығы 8 адамды құрап отыр. Облыс аумағының солтүстіктен оңтүстікке ұзындығы (максималды) 607 км, батыстан шығысқа дейін – 135 км. Облыстың бедері әртүрлі -  облыстың оңтүстік-шығыс бөлігін Тянь-Шань беткейі, орталық бөлігін – Қаратау беткейі орналасқан, солтүстік және оңтүстік-батыс бөлігі басым көпшілігі тегіс жер.

Оңтүстік Қазақстан облысының климаты орта-континентальды, жазы ыстық, қысы – суық. Қаңтар айының орташа температурасы - -20,-30 градус, ал шілденің +20,+40. Жербетіндегі және жер асты сулары бір келкі орналаспаған. Шөлейіт және жартылай шөлейіт аймақтарында пласты, негізінде тұзды және ауыз су ретінде пайдалануға жарамсыз.

 

 

 

 

 

 


 

Төтенше
жағдайлар департаменті.
Түркістан облысы.