» » В ШЫМКЕНТЕ ПОЖАРНЫЙ СПАС ДВУХ ЛЮДЕЙ ВО ВРЕМЯ ПОЖАРА

ШЫМКЕНТТЕ ӨРТ СӨНДІРУШІ ӨРТ КЕЗІНДЕ ЕКІ АДАМДЫ ҚҰТҚАРДЫ

Автор: dchs 11-09-2018, 16:18
Адамдарға көмектесуді қызметтік міндеті емес жүрек қалауы екендігін Абзал Жакибаев бірінші рет дәлелдеген жоқ. Тіпті бұл жолы жас өрт сөндіруші қызметте емес еді.
Өткен сәрсенбіде Шымкент қаласындағы №1 өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндірушісі азаматтық қорғау сержанты достарының үйінде қонақта болады, кешқұрым достарымен бірге үйден шығып келе жатқанда тұрғындардың бірі жүгіріп келіп №137 а үйде бір пәтерде өрт орын алағандығын, онда адам қалып қою мүмкін екендігін хабарлады.
Жалындаған пәтерді көріп, Абзал достарына өрт сөндірушілерді шақыруды өтініп, өзі есептің келуін күтпестен оқиға орнына жөнелді. Арнайы киімнен ештеңе жоқ екендігіне қарамастан, адамдарды құтқаруға аттанады. Төртінші қабатқа көтеріліп, жанып жатқан 54 пәтердің есігі іштен жабық, терезелерінен түтін шығып тұрғанын көрді. Абзалға есікті бұзуға тура келді, оған көршілері көмектеседі. Бұл кезде лапылдаған жалын дәлізге барар жолдағы есікке өтті және пәтер отқа оранды.
Жас өрт сөндіруші өзінің киімін сулап, жамылып үйге кіреді, көршілері тоқтауға тырысады, бірақ ол осы салада қызмет атқаратынын және мұндай жағдаймен күнде бетпе-бет келетінін айтты. Қою және қатты түтінге қарамастан, пәтерге кіреді және түтінді тосқауылдан егде жастағы әйел адамды алып шығады. Іште тағы бір адамның қалғанын біліп, өрт сөндірушіге жанып жатқан үйге кіруіне және екінші адамды іздеуіне тура келді, соңынан сыртқа алып шықты. Бақытқа орай екеуі де зардап шеккен жоқ. Осылайша Абзалдың шебер іс-әрекетінің арқасында екі адамның өмірі құтқарылды.
Көп ұзамай оқиға орнына арнайы автокөлікпен өрт сөндірушілер келіп, өртті сөндіруге кіріседі. Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің нәтижесінде өрт 20 минут ішінде толық жойылды. Сол күні демалыста болған Абзал бұл жерде де өз әріптестеріне көмектесті.
Біздің батыл өрт сөндірушінің арқасында бірнеше адамның өмірі құтқарылғаны қуантарлық жағдай, егер уақытылы үлгермеген жағдайда басқаша болуы мүмкін еді. Бірнеше күн өткеннен кейін Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментіне құтқарылған адамдардың атынан алғыс хат түсті.
 
Оңтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті
Өрт сөндіру және авариялық-құтқару
жұмыстары қызметінің
мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

В ШЫМКЕНТЕ ПОЖАРНЫЙ СПАС ДВУХ ЛЮДЕЙ ВО ВРЕМЯ ПОЖАРА

 

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

Түсініктемелер:

Қалдыр түсініктеме
 

Төтенше
жағдайлар департаменті.
Түркістан облысы.