Созақтағы құтқару жұмыстары

Автор: dchs 22-02-2018, 12:04

           

         Созақ ауданыТЖ бөлімінің және №11 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері өткен түнде батпаққа тығылып қалған 2 адамды құтқарды. 22 ақпанда Арыс қаласының екі тұрғыны «Нива» жеңіл автокөлігімен емдік суы бар Актас орнына жолға шыққан. Сол күні кешке олардан №11 өрт сөндіру бөлімінің кезекші диспетчеріне қоңырау келіп түскен. Зардап шегушілер Акколтық ауылынан 10 шақырым қашықтықтағы батпаққа тығылып қалғандығы туралы хабарлаған.

         Серік Төлегенов, Созақ ауданы ТЖ бөлімінің бастығы: «Айтылған жерге құрамында 1 бірлік техника және 3 адамнан құралған топ жіберілді. Адамдар мен техниканы батпақтан сәтті шығарды және қайта Арыс қаласына жіберді. Медициналық көмекке мұқтаж болмады. Бұл бірнеше рет қайталанған оқиғалар. Бұл әсіресе күннің жылыған сәтінде орын алады».

         Осыған ұқсас оқиғалар жыл сайын көктем келісімен орын алып жатады.  Адамдар күннің жылынуына қарай Ақтасқа емдік су құйып алу үшін және өздері емделу үшін жолға шығады. Жақында күннің жылынуына байланысты қардың қарқынды еруі басталды, ол батпақтың қалыптасуына алып келді. Адамдар Ақтасқа жол жүргенде, жиі қайғыға ұшырайды. Себебі, «мүмкін, өтіп кетерміз» дегенге сеніп, алдын ала жолдың жағдайы туралы білгілері келмейді. Көктемгі ауа-райын болжап болмайсын: автокөліктер шұңқырларға түсіп кетіп жатады.

Облыс тұрғындарының естеріне саламыз! Ақтас орнына жол жүрерден алдын 8/725/46/41998 телефоны арқылы жолдың жағдайы туралы толығымен біліп алыңыз.

 

ОҚО ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

 Спасательные работы в Созаке

 

 Спасательные работы в Созаке

 

 Спасательные работы в Созаке

 

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

Түсініктемелер:

Қалдыр түсініктеме
 

Төтенше
жағдайлар департаменті.
Түркістан облысы.