Казгидромет мәлімдеуінше, 4 қарашада Түркістан облысында жауын-шашын, таңертең және күндіз кей жерлерде қатты жауын-шашын (жаңбыр соңы қарға ұласады) күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі. Ауаның температурасы күндіз 3-8, кей жерлерде 0 градусқа дейін күрт төмендейді.