» Басшылық

Басшылық

 


Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Жунусов Нұрғали Сырлыбайұлы

 

 

       

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2018 жылғы 04 тамыздағы №228 жеке құрам арасындағы бұйрығына сәйкес Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы лауазымына азаматтық қорғау полковнигі Н.С. Жунусов тағайындалды, бұрын департамент бастығының міндетін атқарушысы болған.

Жаңа бастықты құттықтай отырып, Н. Дербисов мынаны атап өтті: «Нұрғали Сырлыбайұлы азаматтық қорғау органында 20 жылдан аса қызмет етіп келеді. Біз оны тәжірибелі және епті басшы ретінде танимыз. Департаменттегі моральді-психологиялық жағдай департаменттің әр қызметкерінің өзінің міндетін ойдағыдай орындауының негізі болып табылатындығын түсінуіміз қажет. Мен, Сізді тәжірибелі басшы ретінде барлық жүктелген міндеттерді орындайды деп санаймын».

Жунусов Нургали Сырлыбайұлы 1975 жылы 23 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Қаратөбе ауылында туылған. 1993 жылы Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы жоғары техникалық училищесін бітірген. Азаматтық қорғау полковнигі Жунусов Н.С. азаматтық қорғау органында 1993 жылдың қыркүйек айынан бері қызмет етеді. Қызмет кезінде өзін ұқыпты және кәсіби сауатты маман ретінде көрсетті. Жақсы ұйымдастырушылық қабілетке ие. Қызмет мәселелердің шешімінде батылдық пен табандылық таныта біледі, бағыныштыларды қойылған мәселелердің шешімін табуға бағыттай біледі.

ҚР ТЖМ І, ІІ және ІІІ дәрежелі «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін» медалімен, Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар Министрінің Құрмет грамотасымен, «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.

 

 

Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары

азаматтық қорғау полковнигі Акилбеков Ералы Нұрғалиұлы

 

 

 

Ақылбеков Ералы Нурғалиұлы,  30.05.1973 ж.т., қазақ, бiлiмi жоғары, 2001 жылы Қырғыз ұлттық университетiн «Юриспрудент» мамандығы бойынша, ал 2006 жылы Қырғыз мемлекеттік университетін «Өрт қауіпсіздігі инженері» мамандығын бітіріп шықты.

1996-1997 жылдары Қазақстан Республикасы Қарулы күштері қатарында қызмет атқарған.

1999-2005 жылдар аралығында Тараз қаласының №2 Өрт сөндіру бөлімінде инспектор, аға инспектор лауазымдарын атқарған. 

2005-2006 жылдар аралығында Байзақ ауданы ТЖ саласындағы мемлекеттік бақылау бөлімінің бастығы, ал 2006-2008 жылдар аралығында Байзақ ауданы ӨҚҚБ, ӨҚБ бастығы лауазымдарын атқарған.

2008 жылы Тараз қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы бастығы лауазымына тағайындалып, 2020 жылдың ақпан айына дейін осы лауаызмда қызмет атқарған.

2020 жылдың ақпан айынан бастап Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары лауазымында қызмет атқаруда.   

Үйленген. 4 баласы бар.

 

 

Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары

 подполковник Сарыбаев Ерік Темірханұлы

 

 

Подполковник Сарыбаев Ерiк Темiрханұлы, 28.05. 1976 ж.т., қазақ, бiлiмi жоғары, 1998 жылы Оңтүстiк Қазақастан университетiн, 2013 жылы Ресей Федерациясының ТЖМ Азаматтық қорғау академиясын аяқтаған, «Өнеркәсiптiк және азаматтық құрылыс», « Әскери бөлiмдер және құрамаларды басқару» бiлiмi бойынша мамандықтары бар.

Ерiк Темiрханұлы 2000 жылдан бастап Қазақстан Республикасының қаруланған күштерiнде, соның iшiнде ҚР IIМ әскери бөлiмдерде басшылық лауазымында жұмыс iстедi.

2009 жылдан бастап азаматтық қорғау жүйесiнде қызмет етедi. 2010 жылдың мамыр айында Оңтүстiк Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментiнiң Азаматтық қорғаныс басқармасының азаматтық қорғаныс iс шараларын бақылау бойынша бөлiм бастығы лауазымын атқарды, ал сол жылдың қарашасынан бастап Оңтүстiк Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментi авариялық-құтқару қызметтерi бөлiмiнiң бастығы болып тағайындалды.

2011 жылдың желтоқсан айынан бастап Оңтүстiк Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментi Шымкент қ. Төтенше жағдайларды жою бөлiмiнiң бастығы, ал 2013 жылдың тамызынан бастап ҚР IIМ ТЖК Оңтүстiк Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментi Шымкент қ. Төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары лауазымын атқарды.

2013 жылдың тамызынан 2016 жылғы тамызына дейiн Оңтүстiк Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментi Шымкент қ. Төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары болды.

2016 жылғы тамыз айынан 2020 жылғы ақпанына дейін Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментi бастығының орынбасары лауазымын атқарды.

2020 жылғы ақпан айынан бастап Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары лауазымын атқаруда.

Сарыбаев Ерiк Темiрханұлы ұйымдастырушылық, басқарушылық қызметiнде тәжiрибесi бар, жұмысының әр учаскесiнде өз iсiнiң кәсiпқойы ретiнде көрсеттi.

Үйленген.

 

 

 

 

 

 

 




 

Төтенше
жағдайлар департаменті.
Түркістан облысы.