» » Информация о выборочных проверках в области гражданской обороны ДЧС ЮКО на 1 полугодие 2017 года

2017 жылдың 1-жартыжылдығында ОҚО ТЖД Азаматтық қорғаныс саласы бойынша жүргізілген ішінара тексерулер бойынша ақпарат

Автор: dchs 10-07-2017, 17:06

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы                                     14 желтоқсандағы №1163 бұйрығымен бекітілген 2017 жылғы 1-жартыжылдығына арналған АҚ саласындағы ішінара тексерулер тізіміне сәйкес, 2017 жылдың 1-жартыжылдығында Оңтүстік Қазақстан облысында 9 бақылаудағы субъектілерге ішінара тексеру жүргізу жоспарланған болатын.

2017 жылғы 1 шілде  жағдайына Шымкент қаласы деңгейіндегі                                    2 бақылаудағы субъектілерге («Аэропорт-Шымкент» АҚ, «Су ресурстары – Маркетинг» ЖШС) тексеру аяқталды, кемшіліктер анықталған жоқ. Шымкент қаласы деңгейіндегі 1 бақылаудағы субъектіге («3-Энергоорталық» АҚ) кәсіпорынның уақытша тоқтап тұруына байланысты тексеру ашылған жоқ.

Облыстық деңгейдегі 6 бақылаудағы субъектілерге (базасында облыстық азаматтық қорғау қызметтері құрылған мекемелер) тексерулер ашылған жоқ. Себебі,  Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп Комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша басқармасының (бұдан әрі – Басқарма)  қызметкерімен 2017 жылғы 1-жартыжылдығына арналған ішінара тексерулер тізіміне енгізілген 6 бақылаудағы субъект негізсіз енгізілгендігі айтылды. Себебі, 2016 жылы Азаматтық қорғаныс іс-шараларының орындалуы бойынша есептерді жинақтау кезінде, аталған есептерді ұсыну ешқандай нормативтік құқықтық актімен реттелмеген. Аталған есептілік нысаны тек «Азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы ҚР ІІМ 2015 жылғы 6 наурыздағы №190 бұйрығына түзетулер мен өзгертулер енгізу туралы» ҚР ІІМ 2017 жылғы 18 наурыздағы №209 бұйрығымен қолданысқа енгізілген.

Сонымен қатар, Басқарма қызметкерімен 2017 жылдың                                                1-жартыжылдығында ішінара тексерулерді ашпау керектігі және тексеру тағайындау актілерін тағайындаған жағдайда Басқарма тарапынан департамент басшылығына тиісті шара қолданылатындығы ескертілді. Сол себепті, облыстық деңгейдегі 6 бақылаудағы субъектілерге тексерулер ашылған жоқ.

Департамент тарапынан осы мәселе бойынша түсіндірме беру туралы Басқармаға хат жолданып (22.06.2017 жылғы шығ.№29-20-16-4-05/2297-И хат), аталған мекемеден  жауап (10.07.2017 жылғы №2-21504-17-05642) алынды (қосымша ұсынылады).

 

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

Түсініктемелер:

Қалдыр түсініктеме
 

Төтенше
жағдайлар департаменті.
Түркістан облысы.