» Түркістан облысының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясы туралы ЕРЕЖЕ

Түркістан облысының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясы туралы ЕРЕЖЕ

  1. Жалпы ережелер

 

  1. Түркістан облысының табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия                   (бұдан әрі - Комиссия) консультативтік-кеңестік орган болып табылады және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөнінде ұсыныстарды әзірлеу, сондай-ақ облыстық бюджеттен қаржыландыратын  (бұдан әрі-облыстық басқарма), облыстық маңызы бар қалалық және аудандық жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - қалалық, аудандық әкімдіктер), орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелері, кәсіпорындар мен ұйымдар, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер қызметін төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласында үйлестіру мақсатында құрылды.
  2. Комиссия өзінің жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, осы ережене және өзге де нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.

 

  1. Міндеттері, функциялары мен құқықтары

 

2.1.         Комиссияның негізгі міндеттері:

1) төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жоюдың облыстық аумақтық кіші жүйесін дамытудың және одан әрі жетілдірудің негізгі бағыттары;

2) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласында құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық-техникалық және өзге шаралар жүйесін қалыптастыру;

3) азаматтық қорғаныс және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар күштері мен құралдарын құру және дамыту;

4) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын-алу және жою, авариялар, апаттар, дүлей және өзге де зілзалалар нәтижесінде зардап шеккен азаматтарды, төтенше жағдайлар салдарын жоюға қатысқан адамдарды әлеуметтік-экономикалық және құқықтық қорғау, медициналық оңалту мәселелері бойынша облыстық басқармалар мен қалалық, аудандық әкімдіктерінің, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінің, кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметін үйлестіру бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

 

2.2. Комиссияның негізгі функциялары:

1) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі іс-шараларды іске асыруды ұйымдастыру;

2) ахуалды талдау, шешімдерді қабылдау үшін ұсыныстар әзірлеу, міндеттерді қою және орындау;

3) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындауын болжауды ұйымдастыру, олардың салдарын азайту бойынша ұсыныстар әзірлеу;

4) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-шаралар туралы халықты және ұйымдарды хабарлауды ұйымдастыру;

5) тиісті өндірістер аумағындағы (объектілер мен дүлей зілзалалардың туындау мүмкіндігі, олардың  туындау салдарынан экстремальды оқиғалар мен есепті залал қауіп-қатерін бағалау) болуы бойынша ықтимал қауіпті облыс аудандарын айқындау;

6) іздеу-құтқару және авариялық-құтқару жұмыстарымен байланысты мәселелерді қарау;

7) төтенше жағдайларда  және құтқару жұмыстарын жүргізу кезіндегі                    іс-әрекеттерге тұрақты әзірлікті қамтамасыз ету бойынша облыс аумағында орналасқан әскери бөлімдер қолбасшылығымен, ішкі әскери бригадалармен (полк) өзара іс-әрекетті жүзеге асыру;

8) облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жоюдың мемлекеттік жүйесінің аумақтық жүйеге кіретін күштер мен құралдарды тарту құқығымен ведомстволық бағынысты аумақтағы төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен халыққа көмек көрсетуді ұйымдастыру.

 

2.3. Комиссия:

 1) облыстық басқармалар мен қалалық, аудандық әкімдіктердің, орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінің, кәсіпорындар мен ұйымдардың, сондай-ақ ғылыми ұйымдар мен бірлестіктердің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы іс-қимылдарын үйлестіру бойынша ұсыныстар енгізуге;

2) Комиссия отырыстарында облыстық басқарма, аудан, қала әкімдіктері, орталық атқарушы  органдары құрылымдық бөлімшелері, кәсіпорындар,  ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктер басшыларының есептері мен ақпараттарын тыңдауға, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындау себептерін жою және өңірдегі (кәсіпорындағы) ахуалды қалыпқа келтіру бойынша шұғыл шараларды қабылдау туралы оларға ұсынымдар беруге;

3) Комиссияға жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті материалдарды облыстық басқармалардан, аудан, қала әкімдіктерінен, орталық атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшелерінен, кәсіпорындардан,  ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктерден сұрауға;

4) облыстың кәсіпорын, ұйым, мекеме мен қоғамдық ұйымдары басшыларына табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға, олар туындаған жағдайда салдарын азайтуға бағытталған іс-шараларды әзірлеуді және жүзеге асыруды ұсынуға;

5)  облыстық басқармалардың, аудан, қала әкімдіктері мен орталық атқарушы органдары құрылымдық бөлімшелерінің, кәсіпорындар мен ұйымдардың табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу саласында  іс-шаралардың орындауына талдау жүргізуге;

6) кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың мамандарын (олардың басшыларының келісімі бойынша) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мәселесі бойынша  талдау, зерттеу және басқа жұмыстарға тартуға;   

7) қалалық және аудандық табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиялар жұмысын үйлестіруге;

8) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру бойынша ұсыныс енгізуге құқылы.

 

  1. Комиссия органдары

3.1. Облыс әкімі Комиссия төрағасы болып табылады.

Төраға:

1)  Комиссия қызметіне басшылық етеді;

2)  Комиссия отырыстарында төрағалық етеді;

3)  Комиссия мүшелері арасындағы міндеттерді бөледі және бекітеді;

4)  Комиссия жұмысын жоспарлауды ұйымдастырады;

5)  Комиссия жұмысының жоспарын бекітеді;

6)  Комиссия шешімдерін орындауға бақылауды қамтамасыз етеді;

7)  Комиссия қызметінің нәтижесіне жауапкершілікте болады;

8)  төраға болмаған жағдайда  оның міндеттерін төтенше жағдайлардың алдын алу және жою  мәселесіне жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары атқарады.

3.2.         Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою  мәселелеріне жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Оңтүстік Қазақстан облысыТөтенше жағдайлар департаментінің және Оңтүстік Қазақстан облысы  Ішкі істер департаментініңбасшылары Комиссия төрағасының  орынбасарлары болып табылады.

3.3.         Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Оңтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бастығы  хатшы болып табылады.

3.4.         Комиссия отырысы қажеттілігіне қарай тоқсанда кемінде бір рет өткізіледі. Комиссия шешімдері хаттамалармен ресімделеді.

3.5.         Комиссия хатшысы Комиссияның дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, атап айтқанда:

1)    Комиссия жұмысының жоспарын жасайды;

2)                Комиссия отырыстарының қарауына енгізілетін материалдарды дайындауды ұйымдастырады және бақылайды;

3)                Комиссия отырыстарын өткізу күні, уақыты және орны туралы Комиссия мүшелеріне хабарлайды;

4)                отырыс хаттамасын ресімдейді;

5)                Комиссия шешімдерін орындауды ұйымдастырады және бақылайды;

6)                Комиссия жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету үшін өзге қажетті шараларды қабылдайды.

3.6.         Хатшының өз құзыреті шеңберінде мемлекеттік мекемелердің орындаушыларынан тиісті материалдарды талап етуге құқылы.

3.7.         Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті болып табылады.

  1. Комиссия құрамы

 

4.1.  Комиссия құрамы Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің келісімі бойынша Комиссия төрағасымен  айқындалып, облыс әкімдігінің қаулысымен бекітіледі.

         4.2. Комиссия құрамы облыстық басқарма,  орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелері, кәсіпорындар мен ұйымдар, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер өкілдерінен құрылады.

 

 

 

  1. Жұмысты ұйымдастыру

 

5.1. Комиссия өз жұмысын Комиссия мүшелерінің ұсыныстары негізінде әзірленген, төраға бекіткен жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырады.

5.2. Комиссияның қарауына материалдарды дайындауды жұмыс жоспарында бірінші көрсетілген ұйым жүзеге асырады. Іс-шараларды қосарлас орындаушылар  жауапты орындаушыға жиынтық анықтама жасау үшін қажетті материалдарды ұсынады.

5.3. Анықтама, өзге де материалдар және шақырылатын адамдардың тізімі хатшыға отырыс өткізу күніне дейін 5 күнтізбелік күнінен кешіктірмей тапсырылады.

5.4. Комиссия мүшелері материалдарды дайындау және Комиссия хаттамаларын орындау шеңберінде осы органдар құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ақпараттар, материалдар және өзге талдау құжаттарын ұсыну туралы мүдделі органдарға сұрату жібере алады.

5.5. Хатшы отырыста қарауға жататын материалдардың толықтығы мен сапасын тексереді және Комиссия төрағасына баяндайды. Комиссия төрағасы дұрыс дайындалмаған материалдарды толық пысықтауға қайтарады.

5.6. Құжатты, мәселені дайындаған  ұйымның жауапты қызметкері толық пысықтайды және күнтізбелік үш күн ішінде хатшыға ұсынады.

5.7. Комиссия жұмысына шақырылатын қатысушылар оларды жүргізуге жататын күн тәртібі мәселесі бойынша шешімді талқылауға және әзірлеуге қатыса алады, бірлескен талқылауды және шешімді қабылдауды қажет ететін ұсыныстарды, құжаттар жобаларын және өзге материалдарды келіскен тәртіпте енгізеді.

5.8. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша тек құзырына кіретін мүдделі органдар қатысқан жағдайда,  Комиссия отырысы толық емес құрамда өткізілуі рұқсат етіледі.

5.9. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру-техникалық  қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Оңтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті жүзеге асырады.

 

  1. Комиссия жұмысының нәтижелері

 

6.1. Комиссияның шешімінің талқылау және қабылдау  нәтижелері отырыс хаттамасымен (бұдан әрі – хаттама) ресімделеді, отырыс өткізілгеннен кейін он жұмыс күні ішінде дайындалады.

6.2. Қол қойылған хаттаманы хатшы Комиссия мүшелеріне және мүдделі органдар мен ұйымдарға жібереді.

6.3. Комиссия хаттамасының орындалуы туралы ақпарат  жазбаша түрде хатшыға жіберіледі, ол түскен материалдардың талдамалық нәтижелері бойынша төрағаға жиынтық мәлімет ұсынады.

6.4. Хаттаманың орындалуы бойынша бақылауды хатшы жүзеге асырады.


 

Төтенше
жағдайлар департаменті.
Түркістан облысы.