» Газ-түтіннен қорғау қызметі туралы

Газ-түтіннен қорғау қызметі туралы

«ҚР ІІМ ТЖК Оңтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің   газ-түтіннен қорғау қызметі туралы 2017 жылдың 12 айына мәлімет

 

       Газ түтіннен қорғау қызметі 2017 жылғы 12 айда Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК №163 от 19.06.2015  2015 жылғы  19 маусымда № 163 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдардарында газ түтіннен қорғау қызметін ұйымдастыру туралы тәлімдемесіне» сәйкес қызмет атқарды.

      Қызметтің құрылымдық бөліністерінде газ түтіннен қорғау қызметі ұйымдастырылып, қазіргі таңда 783 газ түтіннен қорғаушы қызмет атқарады. 17 аппарат қызметкерлері және 12 өрт сөндіру кезекші қызметінің қызметкерлері газ түтіннен қорғау құралдарында жұмыс атқаруға рұқсат алған. Гарнизонда орта есеппен алғанда тәулігіне 36 газ түтіннен қорғау тізбегі және өрт сөндіру кезекші қызметінен үш қызметкер жауынгерлік кезекшілікке түседі.

      Гарнизонның газ түтіннен қорғау қызметінің жұмысын жүргізуге Шымкент қаласындағы №1 өрт сөндіру бөлімінде, № 1 мамандандырылған жасақта, Шымкент қаласындағы № 4 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде, Түркістан қаласындағы № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімдерінде газ түтіннен қорғау базасы және 19 газ түтіннен қорғау бекеті қарастырылған.

      Қызметтің есебінде 417 дана тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдары бар, оның ішінде 208-і «Драгер», 209-ы «МSA AUER»      аппараттары.

     Тыныс алу органдарын жеке қорғау құрылғыларының жарамдылығын тексеруге 11 дана «Драгер Тестор-2100», ал «МSA AUER» аппараттарын тексеруге 3 дана «MULTI TEST» құрылғылары бар.  «MULTI TEST» құрылғыларының 2 данасы Шымкент қаласындағы № 1 мамандандырылған жасақ пен № 4 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі және 1 данасы Түркістан қаласындағы № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімдерінің газ түтіннен қорғау базасына таратылып, берілген.

      Тұрақты ауа компрессорлары - 6 дана, оның ішінде 2 данасы жарамсыз. Тасымалды ауа компрессорлары - 13 дана, оның ішінде 2 данасы жарамсыз.   8 дана тасымалды түтін сору құралдары бар, оның 4 данасы жарамсыз. Қызметтің жауынгерлік есебінде 8 дана тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарын және 16 дана толыстағы ауа балондарын тасымалдауға  1 дана АСА-20 автокөлігі қарастырылған.

     Зардап шеккендерді табуға арналған 46 дана MSA «motion» қимылсыз жағдайда электронды дыбыс және жарық шығарғыш құралы гарнизон бөлімдеріне таратылған. Әр ГТҚҚ буынына бір данадан.

      2017 жылғы 12 ай көлемінде ГТҚҚ бір буынмен 156 өртте 3556 минут, ал екі және одан көп буынмен 46 өртке қатысып жалпы уақыты 1342 минут жұмыс атқарған.  2017 жылғы 12 ай көлемінде тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарын пайдаланып өшірген өрттер 29,6 %, ал 2016 жылы 4,5 %  құрады.

 

2016 -2017 жылдары ГТҚҚ буындарының өрттерде жұмыс атқару диаграммасы

    

 

  

         Газ-түтіннен қорғау қызметін ұйымдастыру жөніндегі тәлімдемесіне сәйкес тоқсан сайын тыныс алуға жарамсыз ортада жылу түтін камерасында) және от жолағында тәжирбелік сабақтар өткізілді. 2017 жылғы 12 айда 4 рет кестеге сәйкес, 4 рет кестеден тыс өткізілді (кестеге сәйкес өткізілген сабаққа қатыспаған қызметкерлерге кестеден тыс өткізіледі).

2017 жылы ГТҚҚ құрал жабдықтарын әрдайым жауынгерлік есепте ұстау үшін, қажетті бөлшектерге, заттарға өтінім беру мақсатында мәліметтер жинақталуда.

Қызметтің ГТҚҚ қойылған тапсырмаларды орындауға, орын алған өрттер мен авариялық құтқару жұмыстарын жүргізуге және жоюға дайын.

 

 

2017 жылдың 6 айдың қорытындысы бойынша

Оңтүстік Қазақстан облысының аумағындағы орман, дала

өрттерін алдын алу және дер кезінде сөндіру іс-шаралары туралы

АҚПАРАТ

 

2017 жылдың жазғы өрт қауіпті кезеңінде Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2017 жылғы 15 мамырда ОҚО әкімі Ж.Түймебаевтың төрағалығымен облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиясының кеңейтілген отырысы өткізілді. Осы отырыста қала және аудан әкімдеріне орман және дала өрттерін сөндіру кезінде жұмсалатын азық-түлік, жанар-жағармай, дәрі-дәрмектер қорын құруға қажетті қаржы бөлу, облыс аумағындағы республикалық, облыстық маңызы бар және жергілікті автомобиль мен теміржол, электр желілері бойларында, сондай-ақ астық және орман алқаптарында кемінде 7 метр етіп, 2 кезеңмен (мамыр және шілде айларында) өртке қарсы минералды жолақ жырту жұмыстарын сапалы жүргізу, мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері құрылмаған   елді мекендерде жергілікті бюджет қаржысы есебінен өрт сөндіру бекеттерін құрып, оларды материалдық-техникалық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру, тиісті әкімшілік аумақтарда бейімделген техникасы және өрт-техникалық құрал-жабдықтары бар ерікті өрт сөндіру құрылымдарын құрып, 3 тонналық суы бар тіркемелі бөшкелермен қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берілген. Сондай-ақ, 2017 жылғы 19 мамырда Бадам орман шаруашылығында тиісті мекемелердің қатысуымен созылмалы табиғи өрттерді сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізіліп, табиғи өрттер болған жағдайда барлық күштер мен құралдардың жұмылдыру тәртібі пысықталды.  

2017 жылғы 15 наурызда  «2017 жылдың өрт қауіпті маусымында Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында орман және дала өрттерінің алдын алу және жою жөніндегі іс-шаралары» жоспары және 2017-2018ж.ж. облыс аумағындағы орман қоры жерлерінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында орман шаруашылықтарымен және ОҚО ІІД-мен бірлескен іс-қимыл жоспары бекітілді.    

Өрт қауіпті кезеңнің басталуына дейін облыстық бюджеттен дала алқаптарындағы өрттерді сөндіру үшін жұмылдырылатын барлық күштер мен құралдарға жалпы 42 млн.теңге қаржы бөлінді (азық-түлік, дәрі-дәрмек және жанар-жағар май). Сондай-ақ, орман-дала өрттерін дер кезінде сөндіру мақсатында қала, аудан әкімдіктері тиісті ауыл округтерінде жалпы 9295 адамдардан тұратын 825 ерікті өрт сөндіру құрылымдарын құрды. Олар, 2 өрт сөндіру техникасымен, 977 бейімделген қосалқы техникалармен, 159 өрт сөндіру мотопомпалармен, 97 өрт сөндіру құралдарымен (аспалы 89, ауалы 8) және тағы басқа қолда бар өрт сөндіру құралдарымен (7088 хлопушка) жабдықталып қамтамасыз етілген. 

ОҚО әкімдігімен 2017 жылға облыс аумағында орман және дала өрттерін дер кезінде анықтау мақсатында ғарыш мониторингіне жалпы 6,5 млн. теңге қаржы қаралып, тиісті мекемемен келісімшарт түзілді.      

Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында 12 орман шаруашылығы орналасқан. Орман қоры жерлерінің жалпы ауданы 3 млн. 453 мың 439 га, оның ішінде орманды алқабы 2 млн. 302 мың 495 га, ормансыз алқабы 1 млн. 081 мың 374 га. Облыс аумағындағы 12 орман шаруашылықтарында 15 өрт сөндіру автокөліктері мен 47 бейімделген қосалқы техникалары, 3 тонналық суы бар 46 тіркемелі бөшкелер, 39 мотопомпа, 353 өрт сөндіру құралдары (аспалы 268, ауалы 85), 2618 өрт сөндіргіш, 52 өрт бақылайтын биік мұнаралары және 554 адамды құрайтын ерікті өртке қарсы құрылымдарымен бірге өрт-химиялық стансаларымен қамтамасыз етілген.

Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, яғни телеарна бойынша 19 рет сұхбат берілді, радиотораптары арқылы 395 әңгімелесулер жүргізілді және баспасөз беттерінде 56 мақала жарияланып, үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, облыс аумағындағы автомобиль, теміржол бойлары мен орман және егіс алқаптарында жалпы 73 билборд пен 775 аншалг-паннолары орнатылған

  2017 жылғы 15 мамырдағы облыс әкімінің төрағалығымен өткен облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясы мәжілісінің № 6 хаттамасына сәйкес облыс аумағында жүргізілген өртке қарсы минералды жолақтың сапалы орындалуына қарап шығу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында 670 шақырым (670), облыстық маңызы бар автомобиль жолдарында 2803 шақырым (2803), аудандық маңызы бар автомобиль жолдарында 2296 шақырым (2357),  теміржол бойларында 201 шақырым (550), орман қоры жерлерінде 6878 шақырым (6878) және егіс алқаптарында 9984 шақырым (9984) өртке қарсы минералды жолақ жырту жұмыстары жүргізіліп, ені 7-12 метрді құрады.  

         Нәтижесінде, бүгінгі күннін өзінде автомобиль жолының бойында басталған 40 өрт ошағы дала және егіс алқаптарына өтуіне жол берілмеген.

Дегенмен, биылғы жылы жазғы өрт қауіпті кезең басталғалы бері облыс аумағында 1 дала өрті тіркеліп, жалпы көлемі 39 га құрап, материалдық шығыны 100 мың теңгені құрады (Сарыағаш ауданы). Сондай-ақ, Шардара ауданында 1 бидай өрті орын алып, жалпы көлемі 4 га құрап, материалдық шығыны анықталуда. Сонымен қатар, облыс аумағындағы дала алқаптарында жалпы 50 жану жағдайлары орын алып, көлемі 737 га құрады.

«Жазғы өрт қауіпті кезеңде Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында орман және дала өрттерін алдын алу және жою жөніндегі шаралар туралы» Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 08.07.2016 жылғы № 190 қаулысына сәйкес, Түлкібас ауданының әкімдігі «АзияТехПожСервис» ЖШС мемлекеттік емес өртке қарсы қызметімен келісімшарт негізінде 1 өрт сөндіру техникасымен бірге 9 жеке құрамы бар өрт сөндіру бекетін құрды. Сонымен қатар, Созақ, Шардара, Сайрам аудандарының әкімдіктері бір соқалы тракторымен және су тасығыш техникасымен бірге 43 ерікті өрт сөндірушілерден тұратын уақытша бақылайтын өрт сөндіру бекеттерін құрды.  

Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

 

 

 

2017 жылдың  6 айында «Оңтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің газ түтіннен қорғау қызметінің  атқарған жұмыстары бойынша мәліметі

 

«Оңтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің газ түтіннен қорғау қызметі 2017 жылдың алты айында Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК 2015 жылғы  19 маусымдағы № 163 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдардарында газ түтіннен қорғау қызметін ұйымдастыру туралы тәлімдемесіне» сәйкес қызмет атқарды.

Қызметтің 23 өрт сөндіру бөлімінде газ түтіннен қорғау қызметі ұйымдастырылып 780 газ түтіннен қорғаушы қызмет атқарады. 15 аппарат қызметкері және 13 шұғыл өрт сөндіру қызметкерінде газ түтіннен қорғау құралдарында жұмыс атқаруға рұқсаты бар. Гарнизонда орта есеппен алғанда тәулігіне 36 газ түтіннен қорғау тізбегі және шұғыл өрт сөндіру қызметінен үш қызметкер жауынгерлік кезекшілікке түседі.

 Гарнизонның газ түтіннен қорғау қызметінің жұмысын жүргізуге Шымкент қаласындағы № 1 өрт сөндіру бөлімінде, № 1 мамандандырылған жасақта, Түркістан қаласындағы № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімдерінде газ түтіннен қорғау базасы және 20 газ түтіннен қорғау бекеті ұйымдастырылған.

          2017 жылы ГТҚҚ бір буынмен 58 өртте 1313 минут жұмыс атқарған, екі және одан көп буынымен 17 өртке қатысып жалпы523 минут жұмыс атқарған.  2016 жылдың көлемінде тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарын пайдаланып өшірген өрттер саны жалпы 5,5 %, ал 2016 жылы 25,3 %  құрады.

          Қызметтің есебінде 420 дана тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдары бар, оның ішінде 206 данасы «Драгер» құралдары (111 данасы 2006 жылдан пайдаланады, ал 93 аппарат 2009 жылы есепке қойылған), 214 дана «МSA AUER» аппараттары.     

          Тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарының жарамдылығын тексеруге 11 дана «Драгер Тестор-2100», «МSA AUER» құралдарын тексеруге 3 дана «MULTI TEST» құрылғылары бар,  «MULTI TEST» құрылғыларының 1 данасы Шымкент қаласындағы № 1 мамандандырылған жасақтың, бір данасы Түркістан қаласындағы № 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімдерінің газ түтіннен қорғау базасына орнатылды, бір данасы қызметтің қоймасында толыста.

          Тұрақты ауа компрессорлары - 6 дана, жарамсыз - 3 дана. Тасмалды ауа компрессорлары 12 дана, 1 –дана жарамсыз. 7 дана тасмалды түтін сору құралдары бар.

               Зардап шеккендерді табуға арналған 35 дана MSA «motion» қимылсыз жағдайда электронды дыбыс және жарық шығарғыш құралы гарнизон бөлімдеріне таратылды.  Шымкент қаласындағы бөлімдері мен мамандандырылған өрт сөндіру бөлімдеріне 2 данадан (әр ГТҚҚ буынына бір данадан аудандық өрт сөндіру бөлімдеріне).Қызметтің қоймасында 8 дана құрал бар. MSA «motion» қимылсыз жағдайда электронды дыбыс және жарық шығарғыш құралы тәжірибе пайдалануындагаз түтіннен қорғаушының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жақсы жағынан көрсетті.

               Газ-түтіннен қорғау қызметін ұйымдастыру жөніндегі тәлімдемесіне сәйкес тоқсан сайын тыныс алуға жарамсыз ортада жылу түтін камерасында) және от жолағында тәжирбелік сабақтар өткізілді. 2017 жылы 2 рет кестеге сәйкес, 2 рет кестеден тыс қосымша сабақ өткізілді (кестеге сәйкес өткізілген сабаққа қатыспаған қызметкерлерге кестеден тыс өткізілді).

Тыныс алуға жарамсыз ортада өрт сөндіруге және авариялық-құтқару жұмыстарын қауіпсіз жүргізуге, газ түтіннен қорғау қызметінің жұмысын жақсартуға 2017 жылы ГТҚҚ құрал жабдықтарын әрдайым жауынгерлік есепте ұстау үшін, қажетті бөлшектерге, заттарға ұсыныс жасалды.(2017 жылда облыстық және қалалық әкімшіліктердің есебінен алу үшін 2 данадан тасымалды (мобильді) компрессорларына өтінім берілді). Үнемделген қаржы есебінен компрессорлар мен «МSA AUER» аппаратарына бөлшектер алу үшін өтінімдер берілді.

 

Проблемалық сұрақтар.

 

ГТҚҚ шеберлерін тыныс алу аппараттарына, компрессорларға сапалы техникалық қызметін көрсетіп, пайдалануын арнайы шығарушы зауыт өкілдерімен мақсаттылық және орталықтандыру оқытып, құжаттарды (сертификат) беру.

 

 

 

"Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы N 14 Қаулысы

       "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. Қоса беріліп отырған "Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламенті бекітілсін.
       2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің       
 2009 жылғы 16 қаңтардағы
 N 14 қаулысымен    
 бекітілген      

"Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламенті

1. Қолданылу саласы

        1. Осы "Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент):
      1) "Өрт қауіпсіздігі туралы" 1996 жылғы 22 қарашадағы, "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі, "Техникалық реттеу туралы " 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру;
       2) азаматтар өмірі мен денсаулығын, жеке және заңды тұлғалардың мүлкін, сондай-ақ мемлекеттік мүлікті өрттен қорғау мақсатында қабылданды.
       2. Техникалық регламент өрт қауіпсіздігі саласындағы техникалық реттеудің негізгі ережелерін анықтайды және мыналарды:
      1) осы Техникалық регламенттің 1-қосымшасында келтірілген өрт және оның қауіпті факторлар, заттар мен материалдар, сондай-ақ өрт-жарылыс және өрт қауіптілігі бойынша технологиялық құралдар; жарылыс қауіпті және өрт қауіпті аймақтар; өрт қауіптілігі бойынша құрылыс материалдар; құрылыс құрастырылымдары мен өртке қарсы тосқауылдар; өрт жарылыс және өрт қауіптілігі бойынша электр жабдықтар, сыртқы қондырғылар, ғимараттар, имараттар және үй-жайларды жіктеу;
       2) өмірлік циклінің барлық сатысында түрлі мақсаттағы шаруашылық объектілеріне қойылатын; қала және елді мекендерді жобалаған кезде; ғимараттар мен имараттарды жобалаған және құрылысы кезінде; өнімдерге қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптарын белгілейді.
       3. Осы Техникалық регламенттің ережелері:
       1) жобалау, құрылыс, күрделі жөндеу, күрделі құрылыс объектілерін қайта салған, техникалық қайта жарақтандыру, атқарымдық тағайындалуы өзгерген, техникалық қызмет көрсету, арналуы мен меншік түріне қарамай объектілерді пайдалану;
       2) техникалық регламенттер, ішінде өрт қауіпсіздігі талаптары бар нормативтік және техникалық құжаттардың ұсынылатын ережелерін әзірлеу, қабылдау, қолдану және орындау кезінде міндетті.
       4. Арнайы мақсаттағы объектілер, оның ішінде әскери мақсаттағы, радиоактивті және жарылыс заттары мен материалдарын өндіру, қайта өңдеу, сақтау бойынша, химиялық қаруды; космостық объектілер мен стартты кешендерді; тау қазбаларын жою және сақтау бойынша объектілер үшін осы техникалық регламентпен қатар басқа техникалық регламенттерде, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде және белгіленген тәртіпте бекітілген өрт қауіпсіздігі саласындағы құжаттарда баяндалған өрт қауіпсіздігі талаптары сақталуға тиіс.

   2. Терминдер мен анықтамалар

      5. Осы Техникалық регламентте " Өрт қауіпсіздігі туралы ", " Қазақстан Республикасындағы архитектура, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы ", " Техникалық реттеу туралы " Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес терминдер мен анықтамалар, сондай-ақ тиісті анықтамалары бар мынадай терминдер қолданылады:
       1) апаттық есік - көшіру жолына, тікелей сыртқа немесе қауіпсіз аймаққа алып келетін, адамдарды құтқару үшін қосымша шығу ретінде пайдаланылатын, алайда эвакуация жолдары мен шығу есіктерінің қажетті саны мен көлемінің өрт кезінде адамдарды қауіпсіз көшіру шарттарына сәйкестігін бағалау кезінде ескерілмейтін шығу жолы (есік, люк);
       2) қауіпсіз аймақ - адамдар өрттің қауіпті факторлары әсерінен қорғалатын немесе өрттің қауіпті факторлары жоқ аймақ;
       3) өрттің пайда болу ықтималдығы - өрттің пайда болуына қажетті  және жеткілікті жағдайлардың пайда болуы мүмкіндігінің математикалық шамасы;
       4) заттар мен материалдардың өрт-жарылыс қауіптілігі - өрт жағдайында (немесе) физикалық-химиялық қасиеттерімен және қалпымен сипатталатын, заттар мен материалдардың жанғыш (өрт қауіпті немесе жарылыс қауіпті) ортаны жасау қабілеті;
       5) жалындау — от алу көзінен басталған және оны жойғаннан кейін де жалғасатын заттың жалындап жануы;
       6) лапылдау - от алу көзінің әсерінен өртене бастауы;
       7) өрт пайда болуы - өртке алып келетін процестер жиынтығы;
       8) тұтану - қысқа мерзімді көрінетін жарқырау қоса жүретін газ бу ауа қоспасының жанғыш зат бетінде тез жануы;
       9) жанғыш орта - тұтану көзі әсері кезінде жалындауға қабілетті орта;
       10) жанғыштық - заттар мен материалдардың жалындауға, өздігінен жану және (немесе) бықсу қабілеттілігі;
       11) рұқсат етілетін өрт қаупі - деңгейі рұқсат етілген және әлеуметтік-экономикалық жағдайларға сүйенетін өрт қаупі;
       12) жеке өрт қаупі (өрт кезінде адам өлімінің қаупі) - өрттің қауіпті факторлары әсері нәтижесінде жеке адам өлімінің сандық ықтималдылығы;
       13) тұтану көзі - жанудың пайда болуын бастайтын энергетикалық әсер ету құралы;
       14) өрттің сыни ұзақтығы - біткеннен кейін өрттің тым болмаса бір қауіпті факторы адам өмірі мен денсаулығына қауіпті мәнге жететін өрт ұзақтығы;
       15) эвакуацияның қажетті уақыты - өрттің қауіпті факторы әсері нәтижесінде адамдардың өмірі мен денсаулығына зиян келтірмей қауіпсіз аймаққа эвакуацияланатын уақыт ұзақтығы;
       16) жалын таралудың төменгі (жоғарғы) шоғырланған шегі - жалынның жану көзінен қоспа бойынша кез келген қашықтыққа таралуы мүмкін болатын қышқыл ортасы бар біртекті қоспада жанғыш заттың ең аз мөлшері;
       17) жалын таралудың қалыпты жылдамдығы - жалын фронтының оның бетіне перпендикуляр бағытта жанбаған газға қатынаста орын ауыстыру жылдамдығы;
       18) өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құжат - нормалар, ережелер және өрт қауіпсіздігі саласындағы басқа да талаптарды белгілейтін құжат;
       19) объекті - өрт қауіпсіздігі белгіленген немесе белгіленуге тиіс заңды немесе жеке тұлғаның мүлік кешені (немесе оның бөлігі) (аумақ, ғимарат, имарат, көлік құралдары, технологиялық қондырғылар, жабдықтар, агрегаттар, бұйымдар және өзге мүлікті қоса алғанда);
      20) адамдар көп келетін объект – бір мезгілде жүз және одан астам адамның келуіне есептелген сауда, қоғамдық тамақтандыру, тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарының, дене шынықтыру-сауықтыру, спорт, мәдени-ағарту және ойын-сауық ұйымдарының, діни мекемелердің, көңіл көтеру орындарының, барлық көлік түрлері вокзалдарының ғимараттары, құрылыстары мен үй-жайлары, сондай-ақ бір мезгілде жиырма бес және одан астам адамның келуіне есептелген денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарының, қонақ үйлердің ғимараттары мен құрылыстары;
       21) өрттің қауіпті факторлары - әсері адамның жарақаттануына, улануына немесе өлімге және (немесе) материалдық шығынға алып келуі ықтимал өрт факторы;
       22) ерекше өрт жарылыс қауіпті электр-өрт-қауіпсіз электр жабдығы - жану көзі пайда болуының және оның жанғыш ортамен байланысының алдын алу үшін арналған қосымша қорғаныш құралдары бар өрт қауіпсіз электр жабдық;
       23) өрт ошағы - өрттің бастапқы пайда болған жері;
       24) өрт сөндірудің бірінші құралдары - өрттің бастапқы дамуы кезінде өртпен күресу үшін пайдаланылатын адамдар алып жүретін немесе тасымалданатын өрт сөндіру құралдары;
       25) өрт - адам өмірі мен денсаулығына зиян, қоғам және мемлекет мүддесіне материалдық шығын келтіретін бақыланбайтын жану;
       26) объектінің өрт қауіптілігі - өрт туындай және дамуы, сондай-ақ өрттің қауіпті факторларының адамдарға және материалдық құндылықтарға әсер ету мүмкіндігін сипаттайтын объекті күйі;
       27) объектінің өрт қауіпсіздігі - өрттің пайда болуы және дамуының, сондай-ақ өрттің қауіпті факторларының адам және материалдық құндылықтарға әсерін алдын алу мүмкіндігін сипаттайтын объекті күйі;
       28) өрт бөлігі - ғимараттың басқа бөліктерінен отқа төзімділігі 2,5 сағ кем емес шегі бар өртке қарсы аражабын және қабырғамен бөлектенген ғимарат бөлігі;
       29) өрт қаупі - өрт қаупі мен оның салдарының адамдар мен материалдық құндылықтарға таралу мүмкіндігінің сандық сипаттамасы;
       30) өрт қауіпті (жарылыс қауіпті) аймақ - шегінде жанғыш заттар тұрақты немесе кезеңдік айналыста болатын және олар технологиялық процестің немесе ол бұзылған кезде (апат) қалыпты режімде болатын тұйық немесе ашық кеңістік бөлігі;
       31) құрастырылымның отқа төзімділік шегі - от әсерінің басынан бастап оттөзімділік бойынша осы құрастырылым үшін нормаланатын шекті күйге дейінгі уақыт;
       32) өндірістік объектілер - өнеркәсіпте және ауыл шаруашылығына арналған, оның ішінде қоймалар, инженерлік және көлік инфрақұрылым (теміржол, автомобиль, өзен, әуе және құбыржол көлігі), байланыс объектілері;
       33) өртке қарсы тосқауыл - оттөзімділіктің нормаланған шегі және құрастырылымдық өрт қауіптілігінің нормаланған класы бар құрылыс құрастырылымы, ғимараттың көлемді элементі немесе ғимараттың (имараттың) бір бөлігінен екіншісіне немесе ғимараттар (имарат, екпелер) арасында өрттің таралуын болдырмауға арналған басқа тәсіл;
       34) өртке қарсы үзіліс (өртке қарсы аралық) - өрттің таралуын болдырмау үшін белгіленген ғимараттар және (немесе) имараттар арасындағы нормаланатын аралық;
       35) адамдарды көшірудің есептік уақыты - көшіру жолының берілген көлемдік-жоспарлау және құрастырылымдық шешімдері кезінде адамдарды өрт туралы хабарландырған сәттен бастап ғимарат, имараттан қауіпсіз аймаққа көшіру аяқталған сәтке дейінгі уақыт аралығы;
       36) өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі - өрттің алдын алу және объектіге одан келетін шығынды азайтуға бағытталған ұйымдастыру шаралары мен техникалық құралдар жиынтығы;
       37) өрт қауіпсіздігі жүйесі - экономикалық, әлеуметтік, ұйымдастыру, ғылыми-техникалық және құқықтық шаралар, сондай-ақ өрт және одан келетін шығынды азайтуға бағытталған өртке қарсы қызмет, күш және техникалық құралдар жиынтығы;
       38) өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұйымдастыру-техникалық шаралар жүйесі - Қазақстан Республикасы субъектілері, қала және елді мекендер аумағында өртті болдырмау және одан келетін шығынды азайтуға бағытталған ұйымдастыру шаралары және техникалық құралдар кешені;
       39) өртті болдырмау жүйесі - объектіде өрттің туындау жағдайларын болдырмауға бағытталған ұйымдастыру шаралары және техникалық құралдар кешені;
       40) өртке қарсы қорғаныш жүйесі - адамдар мен мүлікті өрттің қауіпті факторлары әсерінен қорғау және (немесе) олардың объектіге әсер ету салдарын шектеуге бағытталған ұйымдастыру шаралары және техникалық құралдар кешені;
       41) түтінге қарсы қорғаныш жүйесі - өрт кезінде ғимараттар мен имараттардың түтіндеу қаупін, сондай-ақ оның қауіпті факторларының адамдар мен материалдық құндылықтарға әсерін болдырмау немесе шектеуге бағытталған ұйымдастыру шаралары, көлемдік-жоспарлау шешімдері, инженерлік жүйелер және техникалық құралдар кешені;
       42) мұнай және мұнай өнімдері қоймалары - мұнай және мұнай өнімдерін қабылдау, сақтау және беру үшін арналған ғимараттар, сұйық қоймалар және басқа да имараттар кешені;
       43) жану жылдамдығы - аудан бірлігінен уақыт бірлігіне жанатын сұйықтық мөлшері;
       44) имарат - ішіне атқарымдық арналуына қарай адамдарды тұру немесе келуіне және технологиялық процестерді орналастыруға арналған үй-жайлар кіретін жер үсті және (немесе) жер асты типті құрылыс жүйесі;
       45) әлеуметтік өрт қаупі (өрт кезінде адамдардың топтық өлу қаупі) - өрттің қауіпті факторы әсер ету нәтижесінде он және одан көп адамның өлу мүмкіндігінің сандық сипаттамасы;
       46) электр жабдығының өрт-жарылыс қауіптілігі деңгейі - электр жабдығының ішінен жану көзінің туындау қаупі және (немесе) электр жабдығын қоршаған жанғыш ортамен жану көзінің байланыс қаупі;
       47) жалын таралуының температуралық шегі (жалындау) - қаныққан бу тотықтырғыш ортада жалын таралудың сәйкесінше төменгі (төменгі температуралық шегі) және жоғарғы (жоғарғы температуралық шегі) концентрациялық шегіне тең концентрация жасайтын зат температурасы;
       48) технологиялық орта — технологиялық аппаратурада (технологиялық жүйеде) айналатын заттар мен материалдар;
       49) бықсу - жалынсыз жану;
      50) өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес өрт қауіпсіздігі саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыруға уәкілеттік берілген мемлекеттік орган;
       51) өрт қаупінің деңгейі - объекті күйінің өрт туындау және даму, сондай-ақ өрттің қауіпті факторының адамдар мен материалдық құндылықтарға әсер ету мүмкіндігін сипаттайтын сандық шарасы;
       52) жылу өздігінен жанудың шарты - қоршаған орта температурасы, зат (материал) саны және оның өздігінен жану сәтіне дейінгі уақыт арасындағы эксперименттік анықталған тәуелділік;
       53) объектінің өрт кезінде тұрақтылығы - өрттің қауіпті әсер етуі және оның қайталама пайда болуы кезінде объектінің құрастырылымдық тұтастығын және (немесе) атқарымдық арналуын сақтау қасиеті;
       54) эвакуация - адамдардың үй-жайдан сыртқа немесе өрттің қауіпті факторларының әсер ету мүмкіндігі бар қауіпсіз аймаққа ұйымдастырылған өздігінен қозғалу, сондай-ақ қозғалу мүмкіндігі шектеулі тұрғындар тобына жататын адамдардың өздігінен емес, қызмет көрсетуші мамандар жүзеге асыратын процесі;
       55) эвакуациялық жол (эвакуация жолы) - адамдардың өрт кезінде қауіпсіз көшіру талаптарын қанағаттандыратын қауіпсіз аймаққа немесе тікелей сыртқа алып келетін қозғалыс және (немесе) орын ауыстыру жолы;
       56) эвакуациялық шығу - тікелей сыртқа немесе қауіпсіз аймаққа эвакуация жолына алып баратын шығу;
       57) электр жабдығы - электрэнергиясын пайдаланып жұмыстың сәйкес түрін орындау үшін арналған электротехникалық бұйымдар және (немесе) электротехникалық құрылғылар жиынтығы;
       58) электр-техникалық өнімдер - электржелісін жасауға арналған, сондай-ақ жұмысында электр энергиясын пайдаланатын өнім (оның ішінде электротехникалық бұйым, радиоэлектрондық аппаратура, ақпараттық технологиялар жабдығын қоса алғанда);
      59) электр-техникалық бұйымдар - электрлік энергияны өндіру, түрлендіру, тарату, беру және пайдалану үшін және оны беру мүмкіндігін шектеу үшін арналған бұйымдар.
     Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2011.10.31 № 1249 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

   3. Объектілердің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесіне қойылатын талаптар

   3.1. Жалпы талаптар

        6. Объектілердің өрт қауіпсіздігі:
       1) өртті болдырмау;
       2) өртке қарсы қорғаныш;
       3) ұйымдастыру-техникалық шаралар жүйесімен қамтамасыз етіледі.
       7. Объектілердің өрт қауіпсіздігінің ішінде адамдардың қауіпсіздігінің нормативтік деңгейін қамтамасыз етуге және өрт нәтижесінде үшінші тұлғаға зиян келтіру қауіптілігін болдырмауға бағытталған шаралар кешені болуға тиіс.
       8. Өртті болдырмау, өртке қарсы қорғаныш жүйесі және ұйымдастыру-техникалық шаралар құрамын шаруашылық ету объектісінің атқарымдық арналуы анықтайды және осы Техникалық регламентте, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері және өрт қауіпсіздігі мәселелерін регламенттейтін нормативтік құжаттар белгілейді.
       9. Егер мына шарттардың бірі орындалса:
       1) осы Техникалық регламентте, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері және өрт қауіпсіздігі мәселелерін реттейтін нормативтік құжаттарда белгіленген өрт қауіпсіздігі талаптары толық көлемде орындалса;
       2) өрт қаупі осы Техникалық регламентте белгіленген рұқсат етілген мәндерден аспаса, объектінің өрт қауіпсіздігі қамтамасыз етілген деп саналады.
       10. Өрт кезінде адамдар өлімінің қаупін бағалау әдісі:
       1) өрт кезінде өрттің аса қауіпті даму сценарийі үшін адамдар өлімі қаупін анықтауға;
       2) өрттің қауіпті факторы динамикасын болжаудың және адамдарды қауіпсіз аймаққа көшіру уақытын анықтау есептік әдісін пайдалануға;
       3) заттар мен материалдардың физикалық-химиялық қасиеттері мен өрт қауіптілігі көрсеткіштерін пайдалануға негізделеді.

   3.1.1. Өртті болдырмау жүйесіне қойылатын талаптар

        11. Өртті болдырмауға:
       1) жанғыш ортаның;
       2) жанғыш ортада жану көздерін мыналардың пайда болуын болдырмай қол жеткізіледі.
       12. Жанғыш ортаның пайда болу жағдайларын болдырмауға мына тәсілдермен:
       1) жанбайтын заттар мен материалдарды максималды мүмкін қолданып;
       2) жанғыш заттар мен материалдардың салмағын және (немесе) көлемін шектеп технология және құрылыс шарттары бойынша максималды мүмкін;
       3) жанғыш заттар мен материалдарды, сондай-ақ бір-бірімен өзара байланысы жанғыш ортаның пайда болуына алып келетін материалдарды орналастырудың аса қауіпсіз тәсілдерін пайдаланып;
       4) тотықтырғыш және (немесе) жанғыш заттар ортасында қауіпсіз концентрациясын ұстап;
       5) қорғалатын көлемге флегматизаторды енгізу арқылы жанғыш ортада тотықтырғыш концентрациясын азайтып;
       6) жалынның таралуы болмайтын ортаның температурасын және қысымын ұстап тұру;
       7) жанғыш заттармен жұмыс істеуге байланысты технологиялық процестерді механикаландыру және автоматтандыру;
       8) жеке үй-жайда немесе ашық алаңқайда өрт қауіпті жабдықты орнату;
       9) жанғыш заттарды үй-жай немесе құрылғы көлеміне шығуын болдырмайтын, үй-жайда жанғыш ортаның пайда болуын болдырмайтын өндірістік жабдықтарды қорғау құрылғысын қолданып;
       10) үй-жай, технологиялық жабдық және коммуникациядан өндірістің өртқауіпті қалдықтарын, шаң, мамық жиналуын жойып қол жеткізіледі.
       13. Жанғыш ортада жану көздерінің пайда болу жағдайларын болдырмауға мына тәсілдермен:
       1) жарылыс қауіпті және (немесе) өрт қауіпті аймақ класына, жарылыс қауіпті қоспа санаты мен тобына сәйкес келетін электр жабдығын қолданып;
       2) құрастырылымға электр қондырғысы және жану көздерінің пайда болуына алып келетін басқа құрылғылардың қорғаныш ажыратудың жылдам әсер ететін құралдарын қолданып;
       3) статикалық электрдің пайда болуын болдырмайтын технологиялық процестерді жүргізудің жабдықтары мен режімін қолданып;
       4) ғимарат, имарат және жабдықты жайдан қорғау құрылғысымен;
       5) жанғыш ортамен байланыста болатын заттар, материалдар және беттердің қызуының қауіпсіз температурасын ұстап;
       6) жанғыш ортада ұшқын разрядының энергиясын қауіпсіз мәнге дейін шектеу тәсілдері мен құрылғысын қолданып;
       7) тез тұтанатын сұйықтықтар мен жанғыш газдармен жұмыс істеген кезде, ұшқынға қауіпсіз аспапты қолданып;
       8) заттар, материалдар және бұйымдардың жылу, химиялық және (немесе) микробиологиялық өздігінен жануы үшін жағдайларды болдырмау;
       9) пирофор заттардың ауамен байланысын болдырмау;
       10) жанғыш ортаны жану көзінен оқшаулау (оқшауланған бөлік, камера, кабинаны қолданып) қол жеткізіледі.
       14. Жану көздері параметрінің қауіпсіз мәндері оның ішінде айналатын заттар мен материалдардың өрт қауіптілігі көрсеткіштері негізінде технологиялық процесті жүргізу шартында анықталады.

   3.1.2. Өрттен қорғау жүйес

 

Төтенше
жағдайлар департаменті.
Түркістан облысы.