» » В горах Толеби спасены еще два туриста

Төлеби тауларында тағы екі турист құтқарылды

Автор: dchs 1-08-2018, 08:11

Оңтүстіктің тауларында тағы екі турист құтқарылды. 2018 жылғы 31 шілдеде сағат15.55-те шұғыл кезекшілерге Төлеби ауданы Біркөлік ауылынан хабарлама келіп түскен. Ол жерде Атырау қаласының 1996 және 1999 жылдары туылған екі туристтер Біркөлік шатқалындағы тауға шығып, өздігінен түсе алмайтындығы туралы айтылған еді.   

Іздестіру-құтқару жұмыстарына жедел-құтқару жасағының 5 құтқарушысы шығып, сағат 17.50-де оқиға орнына жетіп, солмезетте адамдарды құтқаруға кірісті. «Рой» атты іздестіру иттің көмегімен тез арада маршрут табылып, кешкі сағат 20.00-де құтқарушылар аман-есен құздан туристтерді түсірді.  Жас жігіттердің хал-жағдайы қанағаттанарлық болып, медициналық көмекті қажет етпеді. Жылдың басынан бұл таудағы 4 оқиға, 6 адам құтқарылып, оның ішінде 2 бала болған, оларға дәрігерлік алдын көмек көрсетілген.     

Құтқарушылар облыстың тұрғындары мен қонақтарына ескертеді!    Тауға шығар алдын маршрутты мұқият зерделеу қажет және бұл туралы жедел-құтқару жасағына тәулік бойы жұмыс істейтін 54-93-04 немесе Құтқару қызметінің 112 телефондары арқылы хабарлау қажет. Бұл жерде маршрут туралы, жүріп өтудің бақылау уақыты мен байланыс сигналдары туралы барлық қажетті ақпаратты алуға болады. 

Тіпті тауға бір күнге баратын туристтерге құтқарушылар таудағы қауіпсіз жүріс-тұрыс шараларын мұқият оқып-үйренуді және: 

- қолайлы аяқ киім мен киімді таңдауды; 

- міндетті түрде жылы киімдерді, ұялы телефонға қосымша қуат көздерін, қол шамды және алау жағу үшін құралдарды алуды ұсынады. 

 Бауыржан Тұяқбаев

Шымкент қ. ТЖД жедел-құтқару жасақтың құтқарушысы

В горах Толеби спасены еще два туриста

 

В горах Толеби спасены еще два туриста

 

В горах Толеби спасены еще два туриста

 

В горах Толеби спасены еще два туриста

 

В горах Толеби спасены еще два туриста

 

В горах Толеби спасены еще два туриста

 

 

 

 

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

Түсініктемелер:

Қалдыр түсініктеме
 

Төтенше
жағдайлар департаменті.
Түркістан облысы.