» » В горах Толебийского района спасены два человека

Төлеби ауданының тауларында екі адам құтқарылды

Автор: dchs 13-05-2018, 09:53

Оңтүстікқазақстандық құтқарушылар Төлеби ауданы Алатау ауылдық округіндегі «Ақмешіт» шатқалында тауға серуенге шығып, өздігінен түсе алмаған екі жігітті құтқару бойынша операция жүргізді. 

        Осылайша, құтқару туралы хабарлама 2018 жылғы 12 мамырда кешкі сағат 20:30-да келіп түсті. Ол жерде 1997 және 1998 жылы туылған бозбалалар жақын арада тауға шығып,  тәуліктің қараңғы уақытынан қайта түсе алмағандығы туралы айтылған. 

        Оқиға орнына тез арада жедел-құтқару жасақтың кезекші аусымы құрамында 5 адам және 1 техника жіберілді. Келісімен іздестіру жұмыстары сағат 23.00-ге дейін жүргізілді. Іздестіру ауданында тәуліктің қараңғы уақытын ескере отырып, құтқарушылар таудан құтқару жұмыстарын ертеніне жалғастыруды шешім қабылдады.  

Таң ертен 13 мамырда сағат 05.15-те іздестіру тобы балалармен байланысты орнатып, сағат 07.25-те олардың қай жерде екенін белгілеп алып, таудан түсіру жүмыстарын бастады. Сағат 08.53-те студенттер шатқалдың басынан аман-есеп түсірілді. Олардың денсаулығы қанағаттанарлық еді. 

        Құтқару жұмыстары бес сағаттан аса жүргізіліп, құламалы еңістерден күрделі болғандығын құтқарушылар баса айтты. 

         «Біздің мамандардың ауыр жағдайда қалған туристтерге көмек көрсетуге және осыған ұқсас жұмыстарды жүргізу үшін қажетті дайындығы мен авариялық-құтқару жабдықтары бар. Жылдың басынан таулы аймақтарда 2 іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп, 4 адам құтқарылды, оның ішінде 2 кәмелетке жетпеген бала», - деп, құтқару бөлімшесінің басшысы Павел Вишенин мәлімдеді.

        Оңтүстік Қазақстан облысы ТЖД жедел-құтқару жасақтың құтқарушылары облыстың тұрғындары мен қонақтарына ескертеді: таулы аймақтарға серуенге шығар алдын, бұл туралы туыстарыңызға және құтқарушыларға алдын ала хабарлау қажет, өздерімен бірге зарядталған ұялы телефонды, жылы киімдерді, сондай-ақ су мен азық-түліктің аз болса да қорын алу қажет. Сонымен бірге қауіпсіз өзін ұстау қарапайым қағидаларын сақтау қажет. 

 Оңтүстік Қазақстан облысы ТЖД

мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

В горах Толебийского района спасены два человека

 

В горах Толебийского района спасены два человека

 

В горах Толебийского района спасены два человека

 

В горах Толебийского района спасены два человека

 

В горах Толебийского района спасены два человека

 

 

 

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

Түсініктемелер:

Қалдыр түсініктеме
 

Төтенше
жағдайлар департаменті.
Түркістан облысы.