» «Түркістан облысының облысының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясы туралы» Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 16 қазандағы №273 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

«Түркістан облысының облысының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясы туралы» Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 16 қазандағы №273 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Азаматтық қорғау туралы»2014 жылғы 11 сәуірдегі  Заңдарына сәйкес және кадрлық өзгерістерге байланысты Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі                     ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1.                 «Оңтүстік Қазақстан облысының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясы туралы» Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 16 қазандағы № 273 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

кіріспедегі «1996 жылғы 5 шілдедегі «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» деген сөздер «2014 жылғы 11 сәуірдегі «Азаматтық қорғау туралы»  деген сөздермен ауыстырылсын;

«Оңтүстік Қазақстан облысының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның құрамы» деген 1-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

«Оңтүстік Қазақстан облысының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясы туралы ереже» деген 2-қосымшада:

бүкіл мәтін бойынша:

«жергілікті атқарушы органдар басқармалары мен ұйымдары» деген сөздер тиісті септікте «облыстық басқармалар және аудан, қала әкімдіктері» деген сөздермен ауыстырылсын;

«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаменті» деген сөздер тиісті септікте «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті  Оңтүстік  Қазақстан  облысының төтенше  жағдайлар департаменті»

 

 

 

деген сөздермен ауыстырылсын;

2, 5, 9, 15, 20, 22-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

  «2. Комиссия өзінің жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңдарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, осы ережені және өзге де нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.

5. Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою  мәселелеріне жетекшілік ететін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Оңтүстік Қазақстан облысытөтенше жағдайлар департаментінің және Оңтүстік Қазақстан облысыІшкі істер департаментініңбасшылары Комиссия төрағасының  орынбасарлары болып табылады.

9. Комиссия хатшысы өз құзыреті шеңберінде мемлекеттік мекемелердің орындаушыларынан тиісті материалдарды сұратады.

15. Анықтамалар, өзге де материалдар және шақырылатын тұлғалардың тізімі хатшыға отырыс өткізу күніне дейін бес күнтізбелік күнінен кешіктірмей, жоспардан тыс отырыстарды өткізу кезінде - отырыс өткізгенге дейін 3 сағаттан кешіктірмей тапсырылады.

20. Комиссия отырысы комиссия мүшелерінің жалпы санынан кемінде                      2/3-і қатысқан жағдайда өткізіледі.

22. Комиссия шешімін талқылау және қабылдау  нәтижелері, отырыс өткізілгеннен кейін он жұмыс күні ішінде, жоспардан тыс отырыстарды өткізу кезінде - бір жұмыс күн ішінде дайындалатын отырыс хаттамасымен (бұдан әрі - хаттама) ресімделеді;

мынадай мазмұндағы 4-1 тармақпен толықтырылсын:

«4-1. Төраға болмаған жағдайда оның міндеттерін төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мәселесіне жетекшілік ететін облыс әкімінің орынбасары болып табылатын комиссия төрағасының орынбасары атқарады.».

3. «Оңтүстік Қазақстан облысының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясы туралы» Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 16 қазандағы №273 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі №120 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары                       Ж.Қ.Бөкенбаевқа жүктелсін.

5.  Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Облыс әкімі                                                                             Б.Атамқұлов          

 

Д.А.Сатыбалды                              Ұ.С.Сәдібеков                         К.Н.Мендебаев

        

            Е.Ә.Садыр                                       С.Қ.Тұяқбаев


 

Төтенше
жағдайлар департаменті.
Түркістан облысы.