» Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің құрылу тарихы

Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің құрылу тарихы

Түркістан облысы 1932 жылдың 10 наурызында құрылып, Қазақстан Республикасының оңтүстік аймағында орналасқан. Бұл аймақта екі мыңжылдық бойы ежелгі қазақтардың (сақтар, ғұндар, үйсін, қаңлы, түріктер) ұрпақтары көшпелі және отырықшы мәдениеті орныққан. Түркістан облысы халық тығыз қоныстаған облыстардың бірі болып, Өзбекстан Республикасы, Қазақстанның оңтүстік, сондай-ақ, батыс аймақтарының арасында өтетін (темір жол және автокөлік) көлік жолдарының қиылысында ыңғайлы орналасқан. Облыс территориясынан Бұқара-Шымкент-Алматы ірі газ құбыры және Омск-Павлодар-Шымкент ірі мұнай құбыры өтеді. Негізгі ірі кәсіпорындары Шымкент және Кентау қалаларында орналасқан. Облыс аумағында химиялық қауіпті нысандар бар.

Облыстың жер бедері әртүрлі – шығыс аумағын Тянь-Шань жотасының етегі, орталығын Қаратау жотасы алып жатса, солтүстігі мен оңтүстік-батыс бөлігі жазық жерлер. Облыстың климаты қоңырсалқын–континентальды - жазы ыстық, қысы жылы.

Облыс орталығы - Түркістан қаласы, Қазақстанның ең сұлу қалаларының бірі, халқы қонақжай да мейірімді. Оңтүстік өңірінің табиғаты мұнда келген жандарды өзіне еріксіз баурап алады. Ақсу-Жабағлы мен Өгем қорықтарын «Оңтүстіктің Швейцариясы» деп бекер атамаса керек. Бұл жерлер альпинизмнің қайнар көзі.

Әрине, осынша байлық сенімді қорғанысты қажет етеді. Осы мақсатта құтқару қызметтері талайдан бері күн демей, түн демей қызмет етіп келеді. Оңтүстік Қазақстан облысында Азаматтық қорғаныс штабы 1961 жылы құрылып, штаб бастығы болып подполковник А.Зюзин тағайындалған болатын. Штаб құрылғалы бері оны беделді және тәжірибелі басшылар:

1963-64 жылдары майор А.Асильев, 1964 жылдан 1973 жылға дейін полковник П.Олефир, 1973-74 жылдары полковник К.Паклин, 1974 жылдан 1980 жылға дейін полковник А.Новгородцев, 1980-1987 жылдар аралығында полковник В.Востриков, 1987 жылдан 1992 жылға дейін полковник С.Халыков басқарған. 1992 жылдан бастап АҚ штабын, 1995 жылдан бері облыстық төтенше жағдайлар басқармасын, ал 2005 жылдан бері Төтенше жағдайлар департаментін полковник Ережепов Уалихан Мелдебекұлы басқарып келеді.

Осынша уақыт бойы Азаматтық қорғаныс штабы, ал қазір Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті орын алған түрлі төтенше жағдайлардан абыроймен шығып отырды. Жылдар өткен сайын, уақыт жаңа ережелер мен жаңа жұмыс түрлерін талап етеді.

ҚР Үкіметінің 19.07.2008 ж. №712 «Төтенше жағдайлар министрлігінің кейбір мәселелері туралы» қаулысы және Төтенше жағдайлар министрінің аталған қаулыны жүзеге асыру туралы бұйрығына сәйкес, бүгінде Түркістан облысының аумағында қауіпті өндірістік объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесімен, сондай-ақ, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою проблемаларымен айналысатын келесі құрылымдық бөлімшелер құрылды: Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті, ТО ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ, «Қазселденқорғау» Оңтүстік Қазақстан аймақтық эксплуатациялық-техникалық басқармасы ММ, «Өнеркәсіптік қауіпсіздік проблемалары жөніндегі ұлттық ғылыми-зерттеу орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Химия, мұнай-химиясы, мұнай-газ өңдеу, микробиология, химиялық-фармацевтикалық және тамақ өнеркәсіптеріндегі қауіпсіздік проблемалары жөніндегі Республикалық ғылыми - зерттеу орталығы» еншілес мемлекеттік кәсіпорны (ТЖМ «РХӨКҒЗО» ЕМК), «Өрт сөндіруші» АҚ, «Көліктік медицина қызметі» АҚ ШФ, облыстық «Апаттар медицина орталығы» ММ.
2009 жылдың қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко оңтүстікке жасаған қызметтік сапардың барысында жеке құраммен кездесу кезінде төтенше жағдайлардың алдын алу және жою шараларының тиімділігін арттыру жөнінде тапсырма берген болатын.

Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің орталық аппаратының айтарлықтай өсуі (штат бойынша қазіргі таңда 1316 адамды құрап отыр) қазіргі заманда төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мемлекеттік жүйесі қызметінің тиімділігін арттыру жөніндегі мәселелерді шешуге үлкен мүмкіндіктерді тұғызып отыр.


 

Төтенше
жағдайлар департаменті.
Түркістан облысы.